«Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы

Версия для печати

Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін, үздік кәсіби білімі мен дағдыларды таратуды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы өткізіледі.

 

Кімдер қатыса алады?

Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметтегі өтілі бір жылдан кем емес, құжаттарды қарау кезінде алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері (лауазымды тұлғалар) немесе мемлекеттік қызметшілердің өздері осы Әдістемелік ұсынымдардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сай үміткерлер ұсынылады.

 

Конкурс кезеңдері

I кезең- конкурс өңірлік (облыстық) деңгейде Өңірлік конкурстық комиссиялар арқылы өткізіледі.

II кезең – Республикалық байқау комиссиясы өткізетін республикалық деңгейдегі конкурс.

 

Өткізу мерзімі

2020 жылғы 22 мамыр - 22 маусым аралығы

 

Әдістемелік ұсыныстар

2020 жылы «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» жыл сайынғы Республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізудің әдістемелік ұсыныстары