Келесі жылы менің әкем зейнеткерлікке шығады. Жақында біз үзінді көшірмені қараған едік, онда шамамен 900 000 теңгедей шағын қаржы жиналып тұр екен. Осы соманы толық бере аласыздар ма? 

Версия для печати

Келесі жылы менің әкем зейнеткерлікке шығады. Жақында біз үзінді көшірмені қараған едік, онда шамамен 900 000 теңгедей шағын қаржы жиналып тұр екен. Осы соманы толық бере аласыздар ма? 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады және Сіз оны бір мезгілде ала алмайсыз.

Өтініш жасалған күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда ғана бұл сома БЖЗҚ–дан алушыға бір мезгілде бірақ төленеді (2020 жылы бұл сома 01.04.2020 ж. бастап  485 292 теңгеге тең).