ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАСТАР СЛЕТІ ӨТТІ

Версия для печати


Өз заңын құрметтеп - қастерлейтін, еліне шын берілген Жастар - Мәңгілік елдің кепілі.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай 5 желтоқсан 2018 жылы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша Департаменттерінің ұйымдастыруымен Жастар слеті өтті.

Слетқа облыс Әкімінің орынбасары Е.Садыр, 16 ауданнан келген «ЖасОтан» жастар қанаты ұйымының өкілдері, белсенді жастар, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының, сондай-ақ, арнайы мониторингтік топ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.  

Іс-шараның негізгі мақсаты - жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде Жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.

Жиында сөз сөйлеген Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев Жастар  жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдыңғы қатарда болу қажеттігіне тоқталып өтті.

Слетта сөз алған облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр  жастарды жемқорлықтан аулақ болып, елге, ата - анаға, досқа адал болуға шақырды.

Іс-шарада облыстағы белсенді жастардың атынан сөз сөйлеген Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығының талантты жастар қолдау инспекторы О.Мамыр өз ойымен бөлісті.

Жиын соңында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында белсенділік танытқан бірқатар азаматтар марапатталды.  


  


  


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
06.12.2018-12:00:00