Мен кейбір санаттағы адамдардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын естідім. Олар кімдер?

Версия для печати

Мен кейбір санаттағы адамдардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын естідім. Олар кімдер?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:

   1) зейнеткерлік жасқа толған азаматтар (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер биыл 31 желтоқсанға дейін 59 жасқа толғанда. Ал 01.01.2020ж. бастап әйелдер зейнетке 59,5 жаста шығады); 

     2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар;

  3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;

     4)еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатындар босатылады.

Бұл ретте бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандардың өтініші бойынша Қорға міндетті зейнетақы жарналарын төлеу одан әрі жалғасуы мүмкін.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
10.01.2020 ж.