АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Версия для печати

     Аудан әкімі Қайрат Жолдыбай аудандық Мәдениет сарайында аудан жастарымен кездесу өткізді. Алдымен аудан басшысы «Жастар жылына» орай әр ауылдық округтерде атқарылған жұмыстарды арнайы көрме арқылы көріп шықты.
     «Жарқын болашаққа – жастармен!» тақырыбында өткен кездесуді аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев жүргізіп отырды. Қала мен барлық ауылдық округтерден жиналған жастар алдында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай сөз сөйлеп, «Жастар жылында» ауданымызда көптеген іс-шаралар қолға алынып, аудан жастары бұл жылды ойдағыдай қорытындылағанын жеткізді.
     Кездесу барысында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Батыр Қалдарбек есепті хабарлама жасады. «Жас Отан – Жастар қанаты» аудандық филиалының төрағасы Нұрболат Ділдабек, қол күресінен бірнеше рет әлем чемпионы атағын иеленген даңқты спортшы Мағжан Шәмиев, «Достық» жалпы орта мектебінің оқушысы Рамазан Үсенов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкері Ырыскүл Аранжанова және басқалар әртүрлі тақырыпта сөз сөйледі.
     Мұнан кейінгі жиын еркін тақырыпта сұрақ-жауап түрінде өрбіді. «Шардара» мектеп-лицейінің оқушысы Гүлбаршын Сариева ауданнан «Жастар сарайы» ашылса екен деген тілек айтса, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі аппаратының хатшысы Перизат Әбдімүтәлиева шет тілдерін үйрететін үйірмелер ашу, №16 колледж мұғалімі Рахымжан Төлеев көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамту жайлы сұрады. Кездесуге басқа да аудан жастары белсенді түрде қатысып, өздерін толғандырған мәселелер жайлы аудан басшысына сауалдар қойып отырды. Әрбір жастың сұрағын мұқият тыңдаған Қайрат Жолдыбайұлы оларға тұщымды жауаптар қайтарды.
     Жиын соңында түрлі салада жемісті қызмет атқарып жүрген жастарға «Жыл үздігі» номинациялары берілді. Атап айтар болсақ, «Жас ерікті» номинациясы Нұрболат Ділдабекке, «Жас спортшы» номинациясы Бекжігіт Асылжанға, «Жас дәрігер» номинациясы Индира Бегалиеваға, «Жас мұғалім» номинациясы Мөлдір Тұрысбековаға, «Жас мәдениет саласының қызметкері» номинациясы Ақмарал Нәбиге, «Үздік студент» номинациясы Айбек Тастновқа, «Үздік оқушы» номинациясы М.Көбееваға, «Үздік белсенді жас» номинациясы Перизат Әбдімүтәлиеваға, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясы Ербол Насырұлына берілді.
     Кездесу соңы Ибрагимовтер жанұялық ансамблінің орындауындағы «Мен қазақпын!» әнімен аяқталды.
 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
26.12.2019 ж.